"Джейш әл-Золм" лаңкестік тобының бір мүшесі ұсталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25842-Джейш_әл_Золм_лаңкестік_тобының_бір_мүшесі_ұсталды
Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Заһедан қаласының прокуроры Систан мен Балучистан облысының Хаш аймағында «Джейш әл-Золм» лаңкестік тобының бір мүшесінің ұсталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 07, 2017 03:45 Asia/Almaty

Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Заһедан қаласының прокуроры Систан мен Балучистан облысының Хаш аймағында «Джейш әл-Золм» лаңкестік тобының бір мүшесінің ұсталғанын хабарлады.

Заһедан қаласының прокуроры Әли Мовахедирад құрықталған адамның "Джейш әл- Золм" лаңкестік тобының қаржылық істеріне жауапты болғанын хабарлады. «Джейш әл-Золм» лаңкестік тобы осы уақытқа дейін Систан мен Балучистан облысындағы бірнеше қылмыс пен қастандықтың жауапкершілігін мойнына алған. «Джейш әл-Золм» лаңкестік тобы сондай-ақ жуырда Сауд Арабиясының Йеменнің бейкүнә халқына қарсы қылмыстары мен шабуылдарын қолдады.