Иран Венесуэлаға кез келген шетелдік араласушылыққа қарсы
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Ғасеми Венесуэладағы өзгерістерге көрсеткен реакцияда: «Теһран Каракастың ішкі істеріне кезмкелген шетелдік араласушылыққа қарсы әрі Венесуэланың тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтеуді қуаттайды» деді.
Венесуэла үкіметінің қарсыластармен келіссөз жүргізуге әзірлігіне қарамастан, Американың қолдауына ие болып отырған үкімет қарсыластары текетірес тудырушы әрекеттерге барып отыр.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Теһранның Венесуэладағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін үкімет пен қарсыластар арасындағы сұхбаттасулардың жалғасуын қолдайтынын баса айтып: «Венесуэладағы бейберекеттіктердің жалғасуы тараптардың ешқайсы үшін пайдалы емес. Иран ислам республикасының принципті тұрғысы Венесуэла халқының дауысымен сайланған заңды үкіметті қолдау болып табылады.
Латын Америкасы аймағында, әсіресе Венесуэлада тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату Иран ислам республикасы үшін зор маңызға ие» деді.