Иран ATR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы қорытынды келісімге қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26048-Иран_atr_компаниясынан_20_ұшақ_сатып_алу_туралы_қорытынды_келісімге_қол_қойды
ИИР-ның әуе компаниясы италиялық-франциялық ATR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы қорытынды келісімге қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 13, 2017 14:54 Asia/Almaty
  • Иран ATR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы қорытынды келісімге қол қойды

ИИР-ның әуе компаниясы италиялық-франциялық ATR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы қорытынды келісімге қол қойды.

Сол келісімге сәйкес, италиялық-франциялық ATR компаниясы 2017 жылдың соңына дейін ATR 72-600 модельді 20 ұшақты ИИР-ның әуе компаниясының ықтиярына беретін болады. Келісімнің құны 400 миллион долларды құрайды.   

ИИР әуе компаниясының атқарушы директоры Фарһад Парвареш Теһранда италиялық-франциялық ұшақ өндіруші ATR компаниясымен келісімге қол қою рәсімінде: «Иран Үкіметі әуе кемелерін дамытып, кішігірім әуежайлар үшін ыңғайлы ұшақ сатып алуды күн тәртібіне қойып отыр» деді. Ұшақ өндіруші ATR компаниясының атқарушы директоры Кристин Шерер де «Иран сатып алып жатқан ұшақ үлгілері тиімді болуына байланысты әлемдік деңгейдегі әртүрлі әуе компанияларының сеніміне ие болды. Бұл  ұшақтар әлемдегі ең сәтті ұшақтар» деді.

ATR – 74 жолаушыны тасымалдау әлеуетіне ие шағын ұшақ. ИИР-ның әуе компаниясы Airbus компаниясынан 80, Boeing компаниясынан 100, франциялық-италиялық  ATR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы келісімдерге қол қойды.