Иран Синай түбегінде лаңкестерге қару-жарақпен қолдау көрсететінін теріске шығарды
ИИР-ның Мысырдағы мүдделерін қорғау кеңсесі кейбір араб ақпарат құралдарының лаңкестер тарапынан таратылған күмәнді фильмге сүйеніп, Иранның Мысырдың Синай түбегінде лаңкестерге қару-жарақпен қолдау көрсететіні туралы жуырдағы уәждерін жалған деп атады.
ИИР-ның Мысырдағы мүдделерін қорғау кеңсесі бейсенбі күні бір мәлімдемеде бұрын «Israel Defense» сионистік басылымының жалған ақпарат тудыруы мен олардың кейбір саудиялық ақпарат құралдары тарапынан жариялануына тоқталып, Иранның әртүрлі елдерде, соның ішінде Сирия, Ирак пен Мысырдағы ДАИШ пен оның тармақтары сияқты лаңкестік-сионистік топтарға қатысты айқын да тұрақты ұстанымға ие екендігін қуаттап: «Иран тәкфирлік-лаңкестік топтармен күресіп, әлем халықтарын олардың әрекеттеріне қарсы тұруға ынталандыруда ешбір талпыныстан бас тартпады және тартпайды да»,-деді.