Сардар Деһқан: Иранда салмақты ұшақтар өндіру үшін жағдай жасалған
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: "Каир 313" және "Кәусар 88" атты ұшақтар өндіру Иранда салмақты ұшақтар өндірудің бастамасы болып табылады» деді.
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан сенбі күні Иранның қорғаныстық өнеркәсібінің жаңа жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі аясында "Каир 313" және "Кәусар 88" атты екі ұшақтың өндірілуіне сілтеме жасап: «"Каир 313" металдан емес композиттен жасалған ұшақ, ал "Кәусар 88" толығымен металдан жасалған ұшақ болып табылады» деді.
Бригада генералы Деһқан Иранның қорғаныстық өнеркәсібінің жаңа жетістіктері көрмесіндегі өнімдері туралы "Мохаджер 6" атты басқарылатын ұшақты мұндай ұшақтардың жаңа буыны деп атап, жақында "Насир" және "Факур" атты екі зымыранның да тұсаукесері болатынын хабарлады.
Иранның Қорғаныс министрі осы көрмедегі өзге өнімдерге, соның ішінде "Саба 248" атты тікұшақ пен "Каррар" танкіне сілтеме жасап: «Осы екі өнім Иран Қорғаныс министрлігінің үлкен және бағалы жетістігі болып табылады. Оларды жобалау мен өндіру ішкі күштердің қолы мен жергілікті мүмкіндіктер арқылы іске асты» деді.