Каспий теңізінің қауіпсіздігі жағалауындағы елдер арқылы қамтамасыз етіледі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани Қаспий иеңізі қауіпсіздігінің жағалауындағы елдер арқылы қамтамасыз етіліп, басқа елдердің араласуын қажет етпейтінін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Әзірбайжанның Қорғаныс министрі Закир Гасановпен Теһрандағы кездесуінде: «Каспий теңізі – бейбітшілік теңізі. Ол экономикалық мүддеге ие теңіз. Басқа елдердің бұл аймаққа араласуы қиындық тудырады. Ислам дұшпандарының мақсаты – исламға қарсы күштерді арттырып, әлемде Исламнан үркіту үдерісін қалыптастыру. Сондықтан, олар осы салада лаңкестік топтарға көмектеседі»,- деді. Лариджани, сонымен бірге Әзірбайжан мен Армения арасындағы қайшылықтардың жылдам аяқталып, мемлекеттердің территориялық біртұтастығының сақталуына үміт білдірді.
Әзірбайжангың Қорғаныс министрі Закир Гасанов кездесуде екі елдің арасындағы жақсы саяси және экономикалық қарым-қатынастарға тоқталып, Теһран мен Бакудің әскери және басқа салалардағы қарым-қатынастарының деңгейін арттыру қажеттігін қуаттап, лаңкестік мәселесіне тоқталып: «Еш уақытта Ислам мен лаңкестікті қатар қоюға болмайды»,- деп баса айтты.