Сағди – әділет, адамгершілік пен шарапаттың нышаны
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі сейіт Реза Салехи Амири Сағдиді әділет, адамгершілік, шарапат, ұлылық пен абыройдың нышаны екендігіне тоқталып: "Бұл атақты ирандық ақын – ұстамдылық пен сабырлықтың туын желбіреткен тұлға",- деп мәлімдеді..
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Реза Селехи Амири Фарс облысының орталығы Шираз қаласындағы Сағдиді еске алу рәсімінде қазіргі кезде ұстамдылық пен сабырлық, үйлесімділік, пікірлестік, сәйкестік пен жақындасу туралы сөз қозғалатын болса, оның барлығының Сағдиге қарыздар екендігін баса айтып: "Бүгінгі әлем бұрынғыдан көюірек экстремизм мен радикалдықтан аулақ болуы тиіс",- деді.
Сейіт Реза Салехи Амири Сағдиді әділеттің, қатыгез зұлымдардың зұлымдығымен күрестің символы екендігіне сілтеме жасап: "Сағди өз заманының ең ауыр жағдайларында өз сөзімен зұлымдарға қарсы күресті",- деді.
Сағди Ширази х.ш.ж.с.б. 568 жылы немесе кейбір деректерге сәйкес 588 жылы дүниеге келген. Сағдидің әйгілі болуы көбінесе оның әуенді, әсерлі де мықты поэзиясы мен прозасына байланысты.