Исламдық Иран «Мабас» мерекесі күні шаттық пен қуанышқа бөленді
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат қызметінің хабарлауынша, Исламдық Иран, әсіресе қасиетті Машхад пен Құм қалалары Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с) пайғамбарлық міндеті басталған «Мабас» түні қуаныш пен шаттыққа бөленді.
Исламдық сенімдерге сәйкес, бүгін сейсенбі күні, ережеп айының жиырма жетінші жұлдызы, яғни сәуірдің жиырма бесі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұстафа Мұхаммадтың (с.ғ.с) пайғамбарлық міндеті басталған күн саналады.
Пайғамбардың пайғамбарлық міндеті хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с) пәк жүрегіне Құдайдың сөздерінің түсірілуімен адамзат өміріндегі түбегейлі өзгерістер мен жетекшіліктің басталуы болды. Ол таухид арқылы адамның жетекшілік жолына түсуі үшін жасалған еді.
Сл кезде қырық жаста болған және Меккеде өмір сүрген Мұхаммад (с.ғ.с) әлем жұртшылығына түзу әрі дұрыс жолды көрсету үшін Жебірейіл жеткізген уәхи арқылы Хира тауында ақиқаттың соңғы елшісі ретінде таңдалған еді.
Иран Ислам Республикасының Телерадио бірлестігі әлемнің барша мұсылмандарын ұлы мерекемен шын жүректен құттықтайды.