Ирандық бану Халықаралық Құран Кәрім жарысында бірінші орын алды
Зейнеп Мұхаммаднежад әйелдер арасындағы алғашқы Халықаралық Құран Кәрім жарысында Құранды толық жаттау бөлімінде бірінші орынға ие болды.
Әйелдер арасындағы алғашқы Халықаралық Құран Кәрім жарысы ерлер арасындағы Халықаралық Құран Кәрім жарысының 34-ші кезеңімен бір мезгілде Теһранның «Мосалла» кешенінде өткізілді.
Осы жарыстың соңында ирандық Зейнеп Мұхаммаднежад Құранды толық жаттау бөлімінде бірінші орынға, индонезиялық Сильвия Нарудат әл-Манура мен ирактық Зейнеп Аднан Мұхаммад Хасан екінші және үшінші орынға ие болды.
Зейнеп Мұхаммаднежад осы жарыстың әйелдер бөліміне қатысқан Иранның жалғыз өкілі болды.
Халықаралық Құран Кәрім жарысының 34-ші кезеңі 22-26 сәуір аралығында Теһранда ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) атындағы «Мосалла» кешенінде өткізілді.