Зангане: Иран ОПЕК-тің келісімін ұзартуды қолдауға дайын
Иранның Мұнай министрі: «Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше елдердің көбі ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдері арасында мұнайды ұсыну көлемін азайту келісімін ұзартуды қолдаған соң Иран да бұрынғыдай осы ұйымның басқа мүшелеріне қосылады»,-деді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатында ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер тарапынан шикі мұнай ұсыну көлемін азайту туралы алты айлық келісімнің ұзартылу ықтималдығы жөнінде: «Иранның қазіргі шикі мұнай өндіру көлемі ОПЕК-тің қаңтар айында белгілеген межесі бойынша күніне шамамен 3 млн 800 мың баррель болды. Иран ОПЕК-тің келісімінде белгіленген мерзімде өз міндеттемесіне берік болды»,-деді.
Бижан Намдар Зангане Иранның Еуропа құрлығына газ экспорттауға дайын екендігін айтып: «Иранның болашақтағы басымдығы – көршілес елдерге құбыр арқылы газ тасымалдау және Еуропаға газ ұсыну. Экспорт табиғи газдың конденсаты (LNG) түрінде болады»,-деді.