Барша сайлаудың нәтижесін қабылдауы керек
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани Иранда президенттік және қалалық, ауылдық кеңестеріне сайлаулардың өткізілуіне сілтеме жасап: "Сайлаулар осындай көлемдегі бақылаумен өткізіліп жатқанда барша оның нәтижесін қабылдауы керек",- деп мәлімдеді.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Али Лариджани жұма күні кешке ІІМ орналасқан Орталық сайлау штабына барып қайтқаннан кейін Иран Телерадио бірлестігіне берген сұхбатында Ирандағы сайлау үдерісін ашық та айқын үдеріс деп атады.
Лариджани Ирандағы президентік және қалалық, ауылдық кеңестердің үміткерлерінің бойында саяси түсініктің бар екендігіне тоқталып: "Халық жақсы саяси парасаттылыққа ие. Ирандағы президент сайлаудың нәтижесін қабылдауда біреу күмәнданады деп ойламаймын.
Халықтың сайлауға қатысу үшін дауыс беру орындарына келуі өте әсерлі болып, бәрімізді қуанышқа бөледі",- деп баса айтты.