Имам Хомейни ерекше тұлға болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27716-Имам_Хомейни_ерекше_тұлға_болды
ИИР Президенті Рухани: «Барша имам Хомейнидің жолымен өтуі керек. ИИР-ның іргетасын қалаушы ерекше адам болды»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 04, 2017 18:05 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни ерекше тұлға болды

ИИР Президенті Рухани: «Барша имам Хомейнидің жолымен өтуі керек. ИИР-ның іргетасын қалаушы ерекше адам болды»,- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани министрлер, олардың орынбасарлары, облыс әкімдері және үкіметтік ұйымдардың басшыларымен өткізген ауызашарда «ИИР-ның ұлы көсемінің қозғалысы, революциясы және басқаруының арқасында Иран бүгінгі ғиззаты, азаттығы және айбынына жетті. Имам Хомейни Аллаға деген шынайы иманы және іс-әрекетімен үлкен тарихи жетістіктерге жетті.

Барша имам Хомейнидің жолын  үйренуі керек. Халық басшылардың иығына ауыр міндеттер жүктеді. Сондықтан басшылар халықтың көмегі және Алланың мейірімімен Иранды өркендетуге міндетті»,- деп қуаттады.