Маусым 07, 2017 20:38 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің кіреберісінде атыс болды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі ғимаратының кіріберісіндегі атыс салдарынан Мәжілісті қорғайтын бірнеше адам жарақат алды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, бүгін, сәрсенбі күні таңертең қарулы адамдар Иран Мәжілісінің ғимаратына кіріп, оны қорғайтын күштермен қақтығысып, оқ атты.

Атыс орын алған мекенде болған журналистердің бірінің айтуынша, шабуылдаушылардың оғынан 4 адам жараланды. Жарақат алғандардың үшеуі Мәжілістің қорғаушы, біреуі қызметші және бір адам Мәжіліске  жұмыспен келген адам.

Сондай-ақ бүгін қарулы лаңкестер Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің кесенесіне шабуыл жасап, бірнеше адамды жаралады. Имам Хомейнидің кесенесіне шабуыл жасаған лаңкестердің екеуі құрықталып,  біреуі өзінің үстіндегі жарғыш затты жарып өлді. Куәлердің айтуы бойынша бір адам өліп, бес адам жарақат алды.

 

 

Тегтер