Иран Парламентінің төрағасы: Біз барлық мұсылмандар Газадағы езілген халықтың үні болуымыз керек
(last modified Sat, 17 May 2025 10:14:34 GMT )
Maм 17, 2025 16:14 Asia/Almaty
  • Иран Парламентінің төрағасы: Біз барлық мұсылмандар Газадағы езілген халықтың үні болуымыз керек

ParsToday – Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Джакартадағы «Истиқлал» мешітінде болған кезде: «Біз мұсылмандардың бүгінгі парызы бірлік пен ынтымақ, Палестина мен Газаға жанашырлық таныта отырып, жаһандық үстем режимнің тарихтағы ең үлкен геноцидті жалғастыруына жол бермеуіміз керек»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Халықаралық Ислам кеңестерінің 25-ші конференциясына қатысу үшін Индонезияға барған Мұхаммад Бақер Қалибаф жұма қаладағы «Истиқлал» мешітінде 200 мың адамдық жұма намазына қатысты. Намаздан кейін ол өз сөзінде былай деп айтты: «Осы сәтте сіз бен біз толықтай қауіпсіз сөйлесіп жатқанда, Газадағы бауырларымыз үйде, мектепте, ауруханада және лагерьде Израиль жойғыш ұшақтары Газа аспанына қайтадан қашан көтеріліп, үйлерді, мектептерді, лагерьлерді, тіпті ауруханаларды бомбалау басталатынын білу үшін үнемі аспанға қарап отыр». 

Қалибаф: «Бүгінгі таңда бірге тұрып, бірлік пен ынтымақ арқылы жаһандық үстем режимнің тарих көрген ең үлкен геноцидті жалғастыруына жол бермеу біздің исламдық парызымыз»,-деп баса айтты.