Лаңкестерге ұмытылмайтын сабақ береміз
Иран Қарулы күштер штабының қолбасшысы генерал-майор Бағери: "Иранның қарулы күштері мен барлау және қауіпсіздік органдары лаңкестер мен олардың аймақтық және аймақтан тыс демеушілеріне естен кетпес сабақ береміз",- деп мәлімдеді.
Иран Қарулы күштері штабының қолбасшысы генерал-майор Мохаммад Бағери жексенбі күні Теһрандағы шәһид Моттахари атындағы жоғары мектепте өткен 7-маусым террорының шәһидтерін еске алу рәсімінде айтқан сөзінде: "Иранның Қарулы күштері, барлау және қауіпсіздік органдары жұмыс тәртібінде лаңкестікпен күресудің стартегиясын қолдануды және ислам революциясы жерінде кесімді түрде лаңкестікті жоюды бұрынғыдан бетер кесімді түрде мақсат етіп отыр.
Үстемшіл жүйе мен сионизмнің аймақта реакция тудыру арқылы тайпалық және саудиялық долларларды азық етіп отырған режимдердің басшыларының лаңкестерді Иран халқымен соғысуға жібергеніне еш күмән жоқ",- деді.
Генерал-майор Бағери жуырдағы саудиялықтардың семсер биіне қатысқандар мен ИИР-на қарсы қауіпсіздікке қарсы сценарийлерді жоспарлап отырғандарға ескерту жасап: "Теһранда 7-маусым күні шабуыл жасаған лаңкестер мен олардың басқа да лаңкестік топ мүшелерінің тағдырының қалай аяқталғанынан сабақ алыңдар. Тіпті қателік жасау немесе өз қателіктеріңді қайталаудан бас тартқандарың жөн",- деді.