Теһран мен Мәскеу «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы кеңесті
Кеше, сейсенбі күні Теһранда ИИР мен Ресейдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздерінің жаңа кезеңі өтті.
Иран Сыртқы Істер Министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Сейед Аббас Аракчи мен Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябковтың кездесуінде екі тарап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауға қатысты соңғы өзгерістер мен бейбіт ядролық техникалық серіктестіктер саласы мен басқа да тақырыптар, әсіресе «Ортақ қадам» бағдарламасындағы №3 қосымша шеңберінде пікір алмасты.
Иран Сыртқы Істер Министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Сейед Аббас Аракчи: «Американың «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты жауапсыз қатынасының әсіресе осы елдің жаңа үкіметі кезеңінде жалғасуы АҚШ-ның барлық халықаралық мәселелерге қатысты экстремистік, біржақты көзқарасқа ие екендігін көрсетеді» деді.
Ресей СІМ-нің орынбасары да кездесуде ИИР-ның «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты жауапты қатынасына алғыс айтып, Американың халықаралық мәселелер бойынша, әсіресе «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты біржақты қатынасын айыптап, Ресейдің «Америка арандатушылық, әсіресе осы елдің «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты міндеттеріне қайшы келетін әрекеттерден бой тартуы қажет» деген принципті ұстанымын қуаттады.