Әлем елдерімен ынтымақтастық жасау – ИИР-ның басты саясаты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28974-Әлем_елдерімен_ынтымақтастық_жасау_ИИР_ның_басты_саясаты
Иран армиясы теңіз күштерінің солтүстік флоты қолбасшысының орынбасары ИИР-ның басты саясатын әлеммен, әсіресе көршілес елдермен ынтымақтастық жасау деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 16, 2017 04:24 Asia/Almaty
  • Әлем елдерімен ынтымақтастық жасау – ИИР-ның басты саясаты

Иран армиясы теңіз күштерінің солтүстік флоты қолбасшысының орынбасары ИИР-ның басты саясатын әлеммен, әсіресе көршілес елдермен ынтымақтастық жасау деп атады.

1-ші рангты капитан Абдолхосейн Зафари Иранның солтүстігіндегі Бандар Анзалиде Ресейдің бейбітшілік пен достық үндеуіне ие бесінші флотилиясымен қоштасу рәсімінде: «Достық қарым-қатынастарды арттыру – достық флотилиялардың әртүрлі елдерге, соның ішінде Иранға сапарының негізгі мақсаты. Иран Каспий жағалауындағы елдердің көмегімен және серіктестіктерді арттырып, экономикалық іс-қимылдар үшін аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын дамытуға қажет жағдай мен инфрақұрылымдарды дайындауға талпыныс жасайды»,- деп мәлімдеді. Ол Каспий жағалауындағы елдердің ынтымақтастары мен серіктестіктерін бір-бірімен байланыстқан шынжыр сынды деп атап, флотилиялардың шекаралас елдерде орналасуын аймақтың тұрақты қауіпсіздігін дамытуға көмектеседі деп бағалады.

Ресей флотилиясының қолбасшысы 2-ші ранг капитаны Андрей Дмитриев те: «Бұл сапар екі елдің қарым-қатынастары мен Каспий теңізіндегі бейбітшіліктің дамуына оң әсерін тигізеді»,- деді.

Ресейдің бейбітшілік пен достық үндеуіне ие бесінші флотилиясы шілденің 12 күні Бандар Анзалиге кірген болатын.