Шіл 16, 2017 15:05 Asia/Almaty
  •  Сараван шекаралық ауданында бір лаңкестің көзі жойылды

Лаңкестердің Пәкістан жерінен Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Систан мен Балучистан облысындағы Сараван шекаралық ауданына оқ жаудырып, Иран шекарашыларының қарымта әрекеті барысында бір лаңкестің көзі жойылды.

Систан мен Балучистан облысында орналасқан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштеріне қарасты Құдс гарнизонының қоғамдық қатынастар бөлімі: «Сенбі күні түстен кейін бөгде тыңшылық қызметтерге қарасты бір лаңкестік топ Пәкістан жерінен ИИР-ның Сараван ауданындағы шекарасына қарай оқ атты»,-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, лаңкестердің әрекеттері Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштеріне қарасты Құдс гарнизонының қарымта жауабына ұшырап, бір лаңкестің өлтіріліп, екі адамның жаралануына және тағы басқа лаңкестердің Пәкістанның ішкі жағына қашып кетуіне себеп болды.

Лаңкестердің Иранның территориясына қарай оқ атуы барысында екі ирандық жұмысшы шәһид болды.

 

Тегтер