Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің құзырында имам Резаның қасиетті кесенесін тазалау рәсімі өтті
(last modified Sun, 23 Jul 2017 14:20:13 GMT )
Шіл 23, 2017 20:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің құзырында имам Резаның қасиетті кесенесін тазалау рәсімі өтті

«Ұлылық онкүндігі» қарсаңында, яғни бүгін, жексенбі күні ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің құзырында шиіттердің сегізінші имамы Әли Бен Мұса ар-Резаның қасиетті кесенесін тазалау рәсімі өтті.

Рухани кеңістікте өткен Мұса ар-Резаның қасиетті кесенесін тазалау рәсіміне хазірет аятолла Собхани, Месбех Йезди мен Мортазави және тағы басқа бірқатар үлемдер мен халықтың әртүрлі таптары қатысты.

Бұл рәсімде қарилар мен пайғамбардың пәк әулетін мадақтаушылар Құранның нұрлы аяттарын оқып, мадақ өлеңдерімен салтанатты рәсімге ерекше рухани күй сыйлады.

Құдс Разави ұйымы жыл сайын өткізетін бағдарламалардың бірі саналатын осындай рухани рәсімдерге Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі өткен жылдары да қатысқан болатын.

«Ұлылық онкүндігі» – хазірет Фатеме Масуменің туған күнімен басталып, шиіттердің сегізінші имамы хазірет Әли Бен Мұса ар-Резаның туған күнімен аяқталатын зул-Қағда айының алғашқы онкүндігі. 

 

Тегтер