Ғасеми: Иран өзінің ғылыми-технологиялық дамуына ешқандай шек қоймайды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: "АҚШ-тың "Simorgh" зымыран-тасығышын сынақтан өткізуге қатысты реакциясы ішкі істерге араласушылықтың көрінісі әрі АҚШ үкіметінің тәуелсіз мемлекеттердің ғылыми-технологиялық дамуына қарсылығын дәлелдейді",- деп мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "Иран "Simorgh" зымыран-тасығышын ұшыру арқылы "Ортақ қадам" бағдарламасының рухын бұзды",- деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жұма күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерттың сөзін айыптап: "ИИР өз ғалымдары мен данышпандарының әртүрлі салалардағы талпыныстары мен әрекеттері үшін ешқандай мемлекеттің рұқсаты мен келісімін қажет етпейді. Бұл әрекет Иранның заңды құқығы саналады және халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейді",- деді.
Ғасеми америкалық басшылардың Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу тақырыбына жармасу әрекетін Вашингтонның Иранға қарсы дұшпандық әрекеттері мен саясаттарын ақтау мақсатындағы негізсіз талпыныстар деп атап: "АҚШ бос айыптаулар мен Иранға қарсы халықаралық заңдарға қайшы әрекеттерін қайталауды доғаруы тиіс. Сонымен қатар аймақ қауіпсіздігі, тұрақтылығы, тыныштығы мен бейбітшілігіне қауіп төндіретін шексіз соғыс қару-жарақтарын сатудан бас тартуы керек",- деп қуаттады.