Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комитетінде АҚШ-тың дұшпандық әрекеттеріне қарсы жоба бекітілді
(last modified Sat, 29 Jul 2017 16:33:52 GMT )
Шіл 29, 2017 22:33 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комитетінде  АҚШ-тың дұшпандық әрекеттеріне қарсы жоба бекітілді

АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік пен авантюристік әрекеттеріне қарсы жалпы жоспар Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің төтенше жиналысында бекітілді.

Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшелері төтенше жиналыста Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчидің қатысуымен АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік  пен авантюристік әрекеттеріне қарсы тұру амалдарының жалпы жоспарын талқылады.

Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы Алауеддин Бруджерди төтенше жиналыстың  соңында: «АҚШ-тың аймақтағы лаңкестік пен авантюристік әрекеттеріне қарсы тұру амалдарының жалпы жоспарының бекітілуі Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінде АҚШ Конгресінің әрекеттеріне қарсы бірауыздылық пен бірліктің бар екендігін көрсетеді»,-деп қуаттады.

АҚШ Өкілдер палатасы 2017 жылдың 25 шілдесінде Иранға қарсы санкциялардың жалпы жобасын 419 оң дауыспен бекітті. 27 шілдеде АҚШ Сенаты да бұл жобаға 98 оң дауыс берді.

 


 

 

Тегтер