Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу әрекеттерінің алдында үнсіз қалмайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29558-Иран_АҚШ_тың_Ортақ_қадам_бағдарламасын_бұзу_әрекеттерінің_алдында_үнсіз_қалмайды
Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ президентінің осы елдің Сенаты мен Өкілдер палатасы ұсынған Иранға қарсы санкциялар жобасын бекітуіне реакция білдіріп: "Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу әрекеттерінің алдында үнсіз қалмайды. Жақын арада Иран қарымта әрекет жасайтын болады" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 04, 2017 04:07 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың

Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ президентінің осы елдің Сенаты мен Өкілдер палатасы ұсынған Иранға қарсы санкциялар жобасын бекітуіне реакция білдіріп: "Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу әрекеттерінің алдында үнсіз қалмайды. Жақын арада Иран қарымта әрекет жасайтын болады" деді.

Баһрам Ғасеми АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкция салуын айыптаумен қатар, бұл әрекетті заңсыз, қисынсыз әрі барлық адамгершілік қағидалар мен халықаралық заңдарға қайшы деп сипаттап, бұл әрекетті АҚШ-тың Иран халқына қарсы жасаған келесі бір дұшпандық әрекет әрі әлемнің барлық азат халықтарына көрсетілген қорлық деп атап: "Иран АҚШ үкіметінің Иранға қарсы әрекеттеріне жауап беру құқығына ие. Иран халықтың мүдделері мен ұлттық қаіпсіздікті сақтай отырып, көрегендікпен тиісті уақытта әрекет ететін болады" деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Теһранның Вашингтонның дұшпандық әрекеттері алдында  әрдайым табандылық көрсетіп келгенін айтып: "Иран аймақта неғұрлым көбірек тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және бейбітшілік жолында лаңкестікпен күресу үшін бар күшін салады. Ешуақытта экспансистік және тұрақсыздандыру саясаттарының жүзеге асырылуына жол бермейді" деді.

Ғасеми Иранның сұм үштіктің, яғни, үтсемшілдер, сионистер мен ваххабилік лаңкестердің құрған тұзақтарына түспейтінін қуаттап, АҚШ қайраткерлеріне Иранға жала жауып, тіресудің орнына АҚШ-тың көптеген ішкі дағдарыстарын шешуді ойлап, жанжал тудыруға бағытталған нәтижесіз әрекеттерден бас тартып, бұдан былай әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуге кеңес берді.