Велаяти: Америкалықтарға Иранның әскери орталықтарын тексеруге рұқсат етілмейді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Велаяти АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының Иранның әскери орталықтары мен нысандарын тексеру жөніндегі арсыздығына реакция білдіріп: "Америкалықтарға Иранның әскери орталықтарын тексеруге мүлдем рұқсат етілмейді",- деп қуаттады.
Associated Press біраз уақыт бұрын АҚШ басшыларының сөздеріне сілтеме жасап: "Дональд Трамп Иранның кейбір әскери орталықтарын тексеру арқылы АҚШ президентінің үмітсіздене жоюды көздеп отырған ядролық келісімге беріктікті сынап көру үшін талпыныс жасап жатыр",- деп жазған болатын.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти америкалықтарға Иранның әскери орталықтарын тексеруге рұқсат берілмейтінін айтып: "Америкалықтар Иранның қауіпсіздік кеңістігін бұзып, оған шабуыл жасауға батылдары бармайды.
Кезінде өздерін әлемнің алып державасы санағандар уақыт өте келе Ирак, Ауғанстан, Вьетнам мен басқа елдердегі үстін-үстіне жалғасқан жеңілістерінен кейін бұл уәждердің бос қауесет екенін көрсетті",- деді.