Лариджани Пәкістан мәжілістерінің басшыларына Лахордағы жарылыстарды айыптаған жолдау жіберді
(last modified Fri, 11 Aug 2017 04:04:56 GMT )
Там 11, 2017 10:04 Asia/Almaty
  • Лариджани Пәкістан мәжілістерінің басшыларына Лахордағы жарылыстарды айыптаған жолдау жіберді

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Пәкістан мәжілістерінің төрағаларына жолдауында Пәкістанның Лахор қаласындағы жуырдағы лаңкестік жарылыстарды ұйымдастырушылардың әрекеттерін айыптады.

Иран Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани бейсенбі күні Пәкістанның Ұлттық мәжілісі мен Сенатының төрағалары Сардар Аяз Садеқ пен Реза Раббаниге Пәкістан мен Ауғанстанның шекарасындағы Лахор қаласында жасалған лаңкестік жарылыстарға өкініш білдіріп: «Бұл лаңкестік шабуылдар террористік топтардың аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына шынайы қауіп екендігін баршаға тағы дәлелдеді» деді.  

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы елдердің терроризм деген сұм құбылыспен жан-жақты түрде күресуі үшін серіктестік жасауы қажеттілігін айтып: «ИИР терроризмнің құрбандарының бірі ретінде осы қатермен күресу үшін Пәкістанның қасынан табылады» деді.

Тамыз айының жетісі күнгі Пәкістанның шығысындағы Панджаб провинциясының орталығы Лахор қаласындағы бомба жарылысы салдарынан шамамен 22 адам жараланды.  

2017 жылдың шілде айының 24 күні де Лахор қаласындағы жеміс-жидек сататын жердегі террористік жарылыс салдарынан 26 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алған болатын. Сол жарылыстың жауапкершілігін «Пәкістан талибандарының қозғалысы» тобы мойнына алды. 

 

Тегтер