Әскери қоқан-лоққы жасайтын кезең аяқталды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ президентінің Венесуэлаға жасаған әскери қоқан-лоққысына реакция білдіріп: "Әлемдік тәжірибе тәуелсіз мемлекеттерді өздерінің ақылға симайтын және заңсыз қалауларын қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында әскери қоқан-лоққы жасау мен оларға қарсы қысым көрсету кезеңі аяқталғанын дәлелдеді",- деп қуаттады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ президентінің Венесуэлаға жасаған әскери қоқан-лоққысына реакция білдіріп: "Әлемдік тәжірибе өздерінің ақылға симайтын және заңсыз қалауларын қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында тәуелсіз мемлекеттерге әскери қоқан-лоққы жасап, оларға қарсы қысым көрсету кезеңінің аяқталғанын дәлелдеді",- деп қуаттады.
АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздың он бірі күні кешке: "Венесуэлаға қатысты көптеген таңдауларымыз бар. Солардың бірі – әскери күш қолдану",- деп уәж айтқан болатын.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэланың ішкі өзгерістеріне қатысты арандатушы және араласушы уәждері мен бұл мемлекетке әскери күш қолдану арқылы қоқан-лоққы жасауын айыптады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Венесуэланың ішкі істеріне кез-келген елдің араласушылығына қарсылық білдіріп, халықаралық құқықтық нормалар шеңберіндегі мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігіне құрмет көрсету қажеттігін қуаттады.