АҚШ-тың үстемдік кезеңі аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i29884-АҚШ_тың_үстемдік_кезеңі_аяқталды
Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшының орынбасары сардар Салами: "АҚШ құлау алдында тұр, оның үстемдік ету кезеңі аяқталды",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 14, 2017 17:38 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың үстемдік кезеңі аяқталды

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшының орынбасары сардар Салами: "АҚШ құлау алдында тұр, оның үстемдік ету кезеңі аяқталды",-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы сардар Хосейн Салами Теһранда шәһид Мохсен Ходжаджиді еске алу рәсімінде: "Иранның жастары осындай қиын сындардан ерлерше өтіп, мақтаныш тудырып жатса, ешқандай күш Иран Ислам Республикасын жеңе алмайды»,-деді.

Қасиетті кесенелерді қорғаушылардың бірі Мохсен Ходжаджи  өткен аптада  ДАИШ лаңкестік тобына тұтқынға түсіп, шәһид болды.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: "Иран енді оқшаулықты қабылдамайды, өйткені әлемдегі билік теңгерімі Иранға байланысты"-деді.

Сардар Салехи Сирия дағдарысына тоқталып: "Сирия халқы үстемшілдер мен лаңкестердің басқыншылығына ұшырады. Иран Сирияны жан-жақты  қолдауын жалғастырады",-деді.