"Ортақ қадам" бағдарламасы АҚШ-қа қатысты сенімнің нәтижесі емес
(last modified Thu, 17 Aug 2017 01:57:10 GMT )
Там 17, 2017 07:57 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-қа сенудің нәтижесі емес деп, оны келіссөздердің алғашқы күнінен бастап "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асуына дейінгі АҚШ-тың саясаттарына қатысты шынайы сенімсіздіктің белгісі деп атады.

ИИР-ның 12-ші үкіметтің министрлер кабинетіне Сыртқы істер министрі ретінде ұсынылған Мұхаммед Джавад Зариф сәрсенбі күні Ислам кеңесі  мәжілісінде өзінің біліктілігін бағалау жиналысында: "АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері бірнеше жылдық қоқан-лоққы мен санкциялардан кейін келісім үстеліне келді. АҚШ бүгін "Ортақ қадам" бағдарламасының мүшесі ретінде өз міндеттемелерін ұмыта алмайды. Өйткені, мұндай саясат АҚШ-тың оқшаулануына әкеп соқтырады.

Батыстың әлемдегі үстемдігі аяқталды. Батыстан кейінгі заманда ғаламдық саясат бірнеше алпауыт елмен шектелмейді. Иран биліктің негізі тұрғысынан терең тарихқа ие",-деді.

Зариф сионистердің аймақ пен әлемде шиіттер мен Ираннан үркіту кеңістігін күшейтуге талпыныс жасап жатқанын айтып: "АҚШ-тағы өзгерістер  аймақта шиеленіс пен дағдарысты одан ары арттыра түсу үшін пайдаланылуда. Алайда бұл саясат есептемелердегі үлкен қателік болып  табылады"-деді.

 

 

Тегтер