АҚШ Мемлекетттік департаментінің Ирандағы дін еркіндігі туралы есебі біржақты
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ Мемлекетттік департаментінің әлемдегі дін еркіндігі туралы есебіне реакциясында: «Иран бұл есепті шындыққа жанаспайды және біржақты деп санайды»,-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті мәліметінде Иранды антисемиттік әрекеттер жасады деп айыптап: "Хасан Рухани билікке келгеннен бері түрмедегі діни азшылықтардың саны артты",-деген уәж айтты.
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми АҚШ Мемлекеттік департаментінің дін және діни сенімдер жөніндегі есебінде берілген түсіндірмелер туралы: "Дін және діни сенімдер жөнінде жалған әрі негізсіз түсіндірмелер беру дінаралық дағдарыстар мен қиындықтардың ушығуына әкеліп соқтырады. АҚШ мұсылмандары күн сайын полиция мен қауіпсіздік күштері сияқты мемлекеттік органдар тарапынан дөрекілік пен кемсітушілікке ұшырайды. АҚШ-та діни құндылықтар мен наным-сенімдерге құрметсіздік көрсету және мұсылмандардың ғибадат орындарына шабуыл жасау күнделікті іске айналған. АҚШ үкіметі басқа елдердегі дін еркіндігі жағдайын сынағанша, өз елінде дін еркіндігін қолдап, әсіресе мұсылмандардың құқықтары сақталуы үшін шұғыл түрде іс жүзінде заңды шара қолдансын",-деп баса айтты.