АҚШ Иранның лаңкестерді жеңудегі теңдессіз рөліне реалистік тұрғыдан қарауы керек
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ Мемлекеттік департаменті ақпарат хатшысының Иранға қарсы сөздеріне реакциясында осы елдің басшыларына «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранның лаңкестерді жеңудегі теңдессіз рөліне реалистік тұрғыдан қарауға кеңес берді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні: «Иран АҚШ-тың әртүрлі қайраткерлерінің Иранға қарсы осындай негізсіз уәждер мен айыптауларды қайталаудағы мақсаттары мен ниеттерінен хабардар.
АҚШ Таяу Шығыс аймағы мен әлемде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауына аса қызықпайды. Сирия мен Иракта лаңкестікті жою үдерісіне риза емес»,-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін қуаттап: «Иранның осы бағдарламаның рухы мен мәтініне беріктігі АҚХА мен «алтылық» елдері тарапынан расталды»,-деді.