АҚШ-тың мақсаты - Иранның әскери орталықтарын тексеру
Там 29, 2017 19:18 Asia/Almaty
Иран үкіметінің ақпарат хатшысы АҚШ басшыларының Иранның әскери орталықтарын тексеруге қатысты сөздеріне тоқталып: "Бұл сөздер бос арман ғана. Оған көңіл аударудың қажеті жоқ",-деді.
Мұхамед Бағер Ноубахт АҚШ басшыларының "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы жуырдағы әрекеттері жайында: "Иран заң аясынан тыс кез келген нәрсені, әсіресе ақпараттары толығымен құпия әрі жіктелген әскери орталықтардың АҚШ тарапынан тексерілуін ешқашан қабылдамайды. АҚШ үкіметі мен Сенатының әрекеттері "Ортақ қадам" бағдарламасына қайшы. Иран барлық санкцияларды жою және жаңа санкциялардың алдын алу үшін қажет кез келген әрекетті жасайды",-деді.
Тегтер