Генерал Джазаери: Иранның Қарулы күштері АҚШ-тың ықпалына түспейді
Иран Қарулы Күштерінің ақпарат хатшысы: "ИИР-ның Қарулы күштері өз жоспарлары аясында қорғаныс амалдарын ілгерілетіп, ешкімнің ықпалына түспейді",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы бригада генералы Масуд Джазаери жексенбі күні АҚШ басшыларының Иранның әскери орталықтарын тексеру жөніндегі сөздеріне: «Бұл мәлімдемелер құқықтық және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптары тұрғысынан да, Иранның ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан да қабылдауға келмейді",-деп жауап берді.
Ол Американың ИИР-ның қорғаныс мәселелері бойынша шешім қабылдай алмайтынын айтып: "АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің ИИР-ның әскери орталықтарын бақылау және тексеруге қатысты дау-дамайының еш құны жоқ",-деді.
Иран Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы АҚШ-тың ең үлкен ядролық арсенал мен тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қаруларға ие екендігіне тоқталып: "ИИР діни ахкамдарға байланысты ядролық қару жасауды көздеген емес, болашақта да мақсат тұтпайды",-деді.