Иран мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері екіжақты қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін қуаттады
Иран мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері екі елдің қарым-қатынастарын дамытып, нығайту қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Пәкістан Сыртқы істер министрі Ходже Мұхаммад Асефпен Теһрандағы кездесуінде екі елдің саяси қарым-қатынастарын арттыру талпыныстарына тоқталып, екі жақтың басқа салалардағы, соның ішінде банктік ынтымақтастықтарын нығайту қажеттігін қуаттады.
Зариф сондай-ақ аймақтағы лаңкестік топтар және экстремизммен күресуді, аймақтық және бірнеше жақты саяси келіссөздер арқылы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық және қауіпсіздік орнату негіздері бойынша ынтымақтастық жасауды қуаттады.
Пәкістан Сыртқы істер министрі Ходже Мұхаммад Асеф та аймақ жағдайына қатысты белгілі саясат ұстану қажеттігіне мүдделік танытып: «Өткен 20 жылдан астам уақытта Ауғанстанда шетелдік әскерилер орналасқанымен, осы уақытқа дейін елдің қауіпсіздік жағдайы аса өзгерген жоқ»,- деді.
Иран мен Пәкістан арасындағы ортақ алаңдаушылықтар, соның ішінде босқындар мен мигранттардың жағдайы, есірткі контрабандасы, лаңкестік топтармен күресу, сонымен бірге Мьянма мұсылмандарының жағдайына қатысты тақырыптар екі елдің Сыртқы істер министрлері пікірталастарының өзегін құрады.