Иранның әскери күштерінің қырағылығының арқасында Иран шекаралары тұрақты қауіпсіздікке ие
Қыр 19, 2017 19:38 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан шекараларын аралап, Иран шекараларының қауіпсіздігін берік деп бағалап: "Қарулы күштер мен қауіпсіздік күштерінің қызметі арқасында Иран шекаралары қарақшылардан, дұшпандардан, антиреволюцияшылдардан тазартылып, ИИР-ның қауіпсіздігі мықты қамтамасыз етілді",-деді.
Лариджани Қарулы күштердің дұшпанмен күрестегі негізгі принциптерінің дайындық пен қырағылық екенін мәлімдеп: "Ислам Революциясының Сақшылар корпусы мен Иранның басқа да Қарулы күштері жауынгерлерінің қырағылығы мен дайындығының арқасында Ислам Революциясы дұшпандарының ИИР-ның шекараларына қол сұғуға дәттері жетпейді",-деді.