Имам Резаның қасиетті кесенесінің күмбезінің үстінде аза байрағы желбіреді
(last modified Fri, 22 Sep 2017 10:45:34 GMT )
Қыр 22, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • Имам Резаның қасиетті кесенесінің күмбезінің үстінде аза байрағы желбіреді

Мұхаррам айы мен Исламның ұлық пайғамбарының немересі, әлем шиіттерінің үшінші имамы, шәһидтердің көшбасшысы хазірет Аба Абдолла Хусейн (ғ.с.)-ды аза тұту күндердің басталуына орай Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінің күмбезінің үстіндегі жасыл ту мен қасиетті зарихке жабылған мата аза күндерінің белгісі қара байрақ пен қара матаға ауыстырылды.

Бүгін 2017 жылдың қыркүйек айының жиырма екісі, хиджри қамари күнтізбесінің 1439 жылының мұхаррам айының бірінші жұлдызына сәйкес келеді.

Әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет Реза (ғ.с.)-ның қасиетті зарихіне жабылатын мата мен күмбезінің үстіндегі ту мейрамдар мен шәһәдәт күндері ауыстырылып тұрады.

Мұхаррам мен сафар айларындағы азаны білдіретін қара ту имам Реза (ғ.с.)-ның кесенесінің күмбезінде 63 күн желбірейді.

 

 

Тегтер