Генерал Пурдастан: АҚШ-тың аймаққа араласуының мақсаты Иранға шабуыл жасау болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31075-Генерал_Пурдастан_АҚШ_тың_аймаққа_араласуының_мақсаты_Иранға_шабуыл_жасау_болды
ИИР армиясы бас қолбасшысының орынбасары АҚШ-тың аймаққа араласуының мақсатын Иранға шабуыл жасау болды деп қуаттап: «Вашингтон осы уақытқа дейін аймақта сәтсіздіктен басқа еш нәрсеге қол жеткізе алмады»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 24, 2017 16:54 Asia/Almaty
  • Генерал Пурдастан: АҚШ-тың аймаққа араласуының мақсаты Иранға шабуыл жасау болды

ИИР армиясы бас қолбасшысының орынбасары АҚШ-тың аймаққа араласуының мақсатын Иранға шабуыл жасау болды деп қуаттап: «Вашингтон осы уақытқа дейін аймақта сәтсіздіктен басқа еш нәрсеге қол жеткізе алмады»,- деді.

Иран армиясы бас қолбасшысының орынбасары  Ахмад Реза Пурдастан «Әл-Әлам» арнасына берген сұхбатында Иранның қорғаныс жүйелерін АҚШ-тың ойлағанынан өзгеше деп атап: «Америкалықтар бұл  мәселені аймаққа кірген соң түсінді. Иран қарулы күштері америкалықтардың аймаққа кіруімен олардың осал және мықты жерлерін анықтап, АҚШ-қа қарсы тұру доктринасының әрекеттерін белгіледі»,- деді.

Ахмад Реза Пурдастан сондай-ақ АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы қоқан-лоққыларына тоқталып: «Иран өзінің территориялық тұтастығын қорғау үшін қажет кез келген жерден дұшпанға соққы бере алады»,- деп қуаттады.