Лариджани: АҚШ басшылары психикалық инверсияға ұшырады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31077-Лариджани_АҚШ_басшылары_психикалық_инверсияға_ұшырады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп: «АҚШ басшылары психикалық инверсияға ұшырады, өйткені бұл мемлекеттің бұрынғы басшылары ДАИШ лаңкестік тобын құрып, оны қолдайтындарын мойындаған болатын»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 24, 2017 17:11 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ басшылары психикалық инверсияға ұшырады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп: «АҚШ басшылары психикалық инверсияға ұшырады, өйткені бұл мемлекеттің бұрынғы басшылары ДАИШ лаңкестік тобын құрып, оны қолдайтындарын мойындаған болатын»,- деді.

Majlesnews.ir ақпарат агенттігінің мәліметіне cәйкес, Әли Лариджани жексенбі күні Иран Мәжілісінде: «АҚШ Президентінің Ирандағы жағдай мен тұрмысты өзгерту мақсаты АҚШ-тың өзі қалаған үкіметті құру. Бірақ Иран халқы шамамен 40 жыл бұрын Вашингтонға тәуелді үкіметті құлатып, оның орнына демократия орнатты»,- деді.

Лариджани АҚШ Президентінің «Иран аймақта лаңкестікті қолдайды» деген уәждеріне тоқталып: «ДАИШ лаңкестік тобы АҚШ-тың қолдауымен Сирия мен Ирак халқын қанға бөктірген кезде Иран  бұл лаңкестік топпен күресті»,- деп баса айтты. Ол «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының АҚШ тарапынан бұзылуы және уәдесінде тұрмауы туралы: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – халықаралық келісім. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі оны растады. Әлем мемлекеттері де бұл ядролық келісімді қолдады»,- деп баса айтты.

Иран Мәжілісінің Төрағасы Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумға қатысты: «Иран ДАИШ лаңкестік тобы тудырған дағдарыс жағдайында Ирак пен бұл елдің Күрдістан аймағының халқына көмектесті. Қазір де Ирак халқының басына түскен жаңа қатерлерге көзжұмбайлық танытуға болмайды»,-деді.