Иранның Солтүстік флоты мен Қазақстан флотилиясының қолбасшылары жан-жақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады
Иран Ислам республикасының Армиясы теңіз күштерінің Солтүстік флоты мен Қазақстан флотилиясының қолбасшылары Каспий теңізінде бейбітшілік пен достыққа негізделген байланыстарды дамытып, жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Имам Реза атындағы төртінші теңіз аймағы әрі Иранның Солтүстік флотының қолбасшысы екінші дәрежелі адмирал Ахмад Реза Бағери Иранның солтүстігіндегі Анзали айлағына келген Қазақстан флотилиясының қолбасшысы бірінші дәрежелі капитан Қанат Ниязбековпен кездесуінде: «Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдермен, әсіресе сол елдердің теңіз күштерімен байланыс орнатып, теңізде қауіпсіздікті арттыру Иранның Солтүстік флотының күн тәртібінде тұрған мақсаттар мен бағдарламалардың қатарын құрайды» деді.
Қазақстан флотилиясының бірінші дәрежелі капитаны Ниязбеков те кездесуде сөйлеген сөзінде: «Қазақстан флотилиясының Иранға сапары жолдауға ие: ол Каспий теңізінде бейбітшілік пен достықты арттырып, қауіпсіздікті күшейту» деп, елінің әскери салада сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді көздейтінін айтты.
Қазақстанның бейбітшілік пен достық жолдауына ие алғашқы флотилиясы бүгін бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Анзали айлағына тоқтады.