Қазақстан флотилиясының қолбасшысы Анзали айлағының басшысымен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31225-Қазақстан_флотилиясының_қолбасшысы_Анзали_айлағының_басшысымен_кездесті
Қазақстанның бейбітшілік пен достық жолдауына ие флотилиясының I-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков Иранның солтүстігіндегі Анзали айлағының басшысы Мир Шамс Муменизадемен кездесіп, сұхбаттасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 28, 2017 15:54 Asia/Almaty
  • Қазақстан флотилиясының қолбасшысы Анзали айлағының басшысымен кездесті

Қазақстанның бейбітшілік пен достық жолдауына ие флотилиясының I-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков Иранның солтүстігіндегі Анзали айлағының басшысы Мир Шамс Муменизадемен кездесіп, сұхбаттасты.

ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Анзали айлағының басшысы Мир Шамс Муменизаде бүгін, бейсенбі күнгі кездесуде екі елдің тарихи, мәдени ортақтастықтары мен жақсы байланыстарын тілге тиек етіп, Қазақстанмен екіжақты көбірек серіктестік жасауға мүдделік танытты.

Қазақстан флотилиясының I-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков те кездесуде бұл сапардың Каспий теңізінде бейбітшілік пен достықты кеңейтіп, қауіпсіздікті арттыру жолдауы негізінде жүзеге асқанын мәлімдеп: ««Қазақстан президенті Иранмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту саласында әртүрлі бағдарламаларды күн тәртібіне енгізді. Қазақстан флотилиясы да Иранмен екіжақты қарым-қатынасты арттыру бағытын көздейді» деді.