Жақында Машһад-Шымкент әуе рейсі ашылады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i31445-Жақында_Машһад_Шымкент_әуе_рейсі_ашылады
Хорасан Разави облысының әкімі: "Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен өткізген сұхбаттасулар мен келісімге сәйкес, жақын арада Машһадтан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласына бағытталған әуе рейсі ашылады",- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 07, 2017 12:51 Asia/Almaty
  • Жақында Машһад-Шымкент әуе рейсі ашылады

Хорасан Разави облысының әкімі: "Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен өткізген сұхбаттасулар мен келісімге сәйкес, жақын арада Машһадтан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласына бағытталған әуе рейсі ашылады",- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Али Реза Рашидиан жұма күні кешке Қазақстанға жасаған төрт күндік сапардан оралғаннан кейін Машһадта журналистердің алдында Машһад-Шымкент рейсін ашуды Қазақстан сапарында қол жеткізген жетістіктерінің бірі деп атап: "Экономика, мәдениет, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, тасымал, туризм және академиялық салалардағы ынтымақтастықтар мен қатынастарды кеңейту Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапардың келесі жетістіктерінің қатарын құрайды.

Осы сапарда өнеркәсіп саласындағы әріптестіктер мен қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында Алматы ғылыми-технологиялық паркін аралап, екі елдің ортақ өндіріс пен экспорт салаларына қатысты ұсыныстар жүзеге асырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысына сапар кезінде қос тарап ауыл шаруашылығы және транзит саласында ынтымақтастық жасауға байланысты келісімге келді",- деді.