Иран үкіметінің баспасөз хатшысы: АҚШ – келісімді бұзушы мемлекет
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы АҚШ Президенті Дональд Трампты тұрақсыз, мылжың, ал АҚШ-ты келісімді бұзушы мемлекет деп атады.
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мұхаммад Бақер Ноубахт сейсенбі күнгі баспасөз отырысында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекеттеріне тоқталып: "АҚШ үкіметі – дөрекі, қисынсыз, басқыншы. Трамптың партияластарының көбі оның жұмысын сынауда. Иран қалаған уақытында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына дейінгі жағдайға орала алады",- деді.
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы батыстықтардың Иранмен зымыран тақырыбына қатысты ықтималды келіссөздері туралы: "Иранның зымырандық күш-қуаты туралы мәселе еш уақытта келіссөздерде талқыланбайды. Иран өзінің қорғаныс мүмкіндігін арттыру үшін бар күшін салады",- деп баса айтты.
Ноубахт Ислам революциясы Сақшылар корпусының Иран халқының қорғаушысы және лаңкестерге қарсы тұрушы күш екенін қуаттап: "Егер АҚШ Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізсе, өзін де лаңкестердің қатарына қосады",- деп қуаттады.