Рухани: ИИР үкіметі мен халқы елдегі күрдтерге сеніммен қарайды
(last modified Thu, 12 Oct 2017 07:17:59 GMT )
Қаз 12, 2017 13:17 Asia/Almaty
  • Рухани: ИИР үкіметі мен халқы елдегі күрдтерге сеніммен қарайды

Иран Президенті ИИР үкіметі мен халқының елдегі күрдтерге сеніммен қарайтынын айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында ИИР-ның күрд отандастарға жүз пайыз сенетінін, Ирактың Күрдістан аймағындағы кейбіреулердің саяси қателігін оларға жаппайтынын айтып: «Күрдтер –  Иранның ұлы халқының бір бөлігі, адал ұлт және осы аймақтағы тамыры терең ирандық қауымдардың бірі. Олар әрдайым, соның ішінде таңылған соғыс жылдары Ислам революциясы жүйесінің қасынан табылды»,-деді.

Рухани Иранның Ирак, Сирия мен Түркияда тұратын барлық күрдтерді құрметтейтінін, оларға ешқандай қысым жасағысы келмейтінін айтып: «Егер олардың басшылары қателік жасаса, оның құнын төлеуі тиіс. Алайда күрд халқы аймақтағы бейбіт халық ретінде дамуды көздейді. Сондықтан құрметке лайық»,-деді.

 

Тегтер