Қазақстан Иранның аквамәдениет ғылымын қолдануға ынта танытты
Қаз 24, 2017 12:00 Asia/Almaty
Қазақстанның Қызылорда облысының әкімі дүйсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Мазандаран облысының Джуибар қаласындағы бекіре балығын өсіретін Чикруд фермасын аралап, Иранның аквамәдениет ғылымын, әсіресе бекіре балығын өсіру тәжірибесін Қазақстанда пайдалану туралы ұсыныс жасады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қырымбек Көшербаев Иранның аквамәдениет ғылымы саласында жақсы табыстарға жеткеніне тоқталып, бұл білімнің ирандық мамандар арқылы Қазақстанға жеткізілетіндігіне үміт білдірді.
Сонымен бірге Қырымбек Көшербаев Сари қаласында Мазандаран облысының бизнес және экспортпен айналыстан тобымен өткен отырыста: "Екі елдің бизнесмендері мен туристері үшін визаны алып тастау керек. Иран мен Қазақстан арасындағы жақсы саяси қарым-қатынастар негізінде бұл істі жүзеге асыратын мүмкіндік бар. Қазақстан Иранның күріш пен бидайға деген сұранысын тиімді бағамен қамтамасыз етуге дайын. Қазақстан жемісті, соның ішінде Мазандаран облысының цитрус өнімдерін қажет етеді. Сондықтан Ираннан соларды алып, бұл елге өз өнімдерін импорттай алады",- деді.
Тегтер