Дивизия генералы Бағери: Америкалықтар қарсыласу өзегінің алдында жеңіліс тапты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32014-Дивизия_генералы_Бағери_Америкалықтар_қарсыласу_өзегінің_алдында_жеңіліс_тапты
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы «Америкалықтар қарсыласу өзегін жоймақ болғанымен, өздері жеңіліс тапты» деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 30, 2017 19:36 Asia/Almaty
  • Дивизия генералы Бағери: Америкалықтар қарсыласу өзегінің алдында жеңіліс тапты

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы «Америкалықтар қарсыласу өзегін жоймақ болғанымен, өздері жеңіліс тапты» деп қуаттады.

Дивизия генералы Мохаммад Бағери Теһранда өткен «Пассивті қорғаныс» атты республикалық форумда дұшпандардың ислам революциясына қарсы жасаған қоқан-лоққыларына сілтеме жасап: «ДАИШ лаңкестік топтарын жою кезінде ислам елдерін бөлу дұшпандар мақсат еткен тақырып болды. Олардың қастандықтары дер кезінде залалсыздандырылды. Ислам әлемі келешекте қырағылық және сақтықпен әрекет етуі керек. Егер Азияның батыс елдерінің аумақтық тұтастығы мен егемендігі ресми түрде танылмайтын болса, олардың мүдделері Америка мен сионистік режимнің пайдасына шешіледі. Олар аймақта шағын, шетелдік елдердің көмектеріне мұқтаж елдерді қалыптастырып, сол елдерде қантөгіс пен соғыс ашып, ислам елдерінің мүдделерін жойып жіберуді көздейді» деді.   

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Америка президенті Дональд Трамптың ИИР-на қарсы жариялаған стратегиясын Иранға қарсы жаңа қоқан-лоққы деп атап: «Америкалықтардың жаңа стратегиялар әзірлеудегі мақсаты Иранның ислам жүйесін құлату» деді. Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы пассивті қорғаныстың маңызды мәселелерінің бірін қауіп-қатерді анықтау деп атап: «Дұшпандардың барлық қоқан-лоққыларына қарамастан, ИИР еңсесін тік көтеріп, өз жолында дамып келеді» деді.