Двизия генералы Бағери: Америка Иранға әскери шабуыл жасаудың мүмкін емес екенін мойындайды
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы «Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің даналығы және сұңғылалығының арқасындағы Иранның қазіргі жағдайы Америка мен оның аймақтағы одақтастарына Иранға қарсы әскери шабуыл жасаудың мүмкін еместігін мойындатып отыр» деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы дивизия генералы Мохаммад Бағери сейсенбі күні Урмиеде Иранның Батыс Әзірбайжан мен Күрдістан облыстары басшыларының қатысуымен өткен елдің солтүстік-батыс қорғаныстық қауіпсіздік конференциясында исламдық Иранға қарсы үстемшіл жүйенің қастандықтарының басынан жеңіліс тапқанын қуаттап: «Америка тарапынан дайындалып, жүзеге асырылатын барлық жобалар Иран халқының қарқынды дамуы мен қозғалысын сәл де болса азайта алмайды» деп қуаттады.
Дивизия генералы Бағери тәкфірлік лаңкестердің Ирак пен Сириядағы үздіксіз жеңілістеріне тоқталып: «Діни жетекшінің басшылығы, үкімет, әскер мен халықтық ерікті күштердің талпыныстарының нәтижесінде лаңкестер соңғы демдерін алып жатыр.
ДАИШ тарапынан жерлерді басып алудың аяқталуы тәкфірлік қате ойлар аяқталды деген мағынаны білдірмейді. Ислам әлемінің жастары мен зиялы тұлғалары қырағылықпен үздіксіз түрде осы зардапты танып, оны ислам қоғамынан біржолата шығару үшін талпыныс жасауы керек» деді.