Аракчи: «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асырудағы ең үлкен түйткіл – Американың теріс пиғылы
(last modified Wed, 01 Nov 2017 15:47:22 GMT )
Қар 01, 2017 21:47 Asia/Almaty
  • Аракчи: «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асырудағы ең үлкен түйткіл – Американың теріс пиғылы

Иран Сыртқы Істер Министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асырудағы ең үлкен түйткілдің Американың бұрынғы үкіметі мен қазіргі үкіметінің теріс пиғылы болғанын айтты.

«Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру үдерісін қадағалайтын штабтың басшысы Сейед Аббас Аракчи сәрсенбі күні Иранның исламдық кеңес мәжілісінің күн тәртібіне «Ортақ қадам» келісімі туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің есебін талқылау қойылған ашық отырысында: «Америка «Ортақ қадам» келісімін орындауда міндеттерге ие болғанына қарамастан, әрдайым теріс пиғылмен «Ортақ қадам» келісіміндегі Иранның мүдделерін төмендету үшін талпыныс жасады. Соңғы бірнеше айда Американың жаңа үкіметінде бұл әрекет күшейе түсті» деді.

Иранның исламдық кеңес мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің баспасөз хатшысы Сейед Хосейн Нағави Хосейни «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыру үдерісі туралы осы комитеттің үшінші есебін оқығанда Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бас хатшысының куәлік етуі және растауымен Иранның аталмыш келісім аясындағы өзінің барлық міндеттерін орындағанын мәлімдеді.

Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитеті есебінің қорытындысында Американың әділетсіз, дұшпандық кедергілерінің «Ортақ қадам» келісімін толық орындау мен банк саласындағы барлық санкцияларды жоюда тосқауыл болғаны қуатталды.

 

 

Тегтер