Аятолла Һашеми Шаһруди: Америка – әлем мен аймақтағы әртүрлі қауіп-қатердің факторы
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аймақ пен әлемдегі әртүрлі қауіп-қатердің факторы саналатын Американың өздерінің қауіпсіздіктері мен қорғаныс әлеуеттерін арттыруды қалайтын елдерді қауіп деп атап, әртүрлі айыптаулар арқылы Иранға қарсы санкцияларды бекітетінін айтты.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Сейед Махмуд Һашеми Шаһруди алқаның отырысында Американың ислам мен жүйенің принципімен дұшпандыққа ие екендігіне тоқталып: «Американың дұшпандығын естен шығармау керек. Бұл елдің алдауынан абай болған жөн. Америка мен Еуропа ислам әлеміне қарсы ортақ саясаттарға ие. Американың санкцияларына қарсы шешім жолы – ішкі әлеуеттер мен қарсыласу экономикасының саясаттарына арқа сүйеу» деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Америка мен сионистік режимнің үстемшіл жоспарларын бұзуды Иран Ислам Республикасының ғиззаты мен мақтанышының мәйегі деп атап: «Ресей президенті Владимир Путин сияқты басқа елдердің басшыларының ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне қарсыласу шебінің табандылығы мен ДАИШ-пен күрес және Ирак пен Сирияның тәуелсіздігіне қолдау танытқаны үшін алғыс айтуы –ислам республикасының абыройы мен беделінің белгісі» деді.