Шамхани: Иран халқы Американың қастандықтарын сәтсіздікке ұшырату бойынша әлемде рекордшы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i32090-Шамхани_Иран_халқы_Американың_қастандықтарын_сәтсіздікке_ұшырату_бойынша_әлемде_рекордшы
Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Американы басқа елдермен салыстырғанда Иран халқының ерік-жігерімен қарсыласуда жеңіліс тауып, сәтсіздікке ұшырауда жоғары көрсеткішке ие ел деп атап: «Иран осы салада мақтанышқа толы рекорд жасады» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 04, 2017 18:49 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иран халқы Американың қастандықтарын сәтсіздікке ұшырату бойынша әлемде рекордшы

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Американы басқа елдермен салыстырғанда Иран халқының ерік-жігерімен қарсыласуда жеңіліс тауып, сәтсіздікке ұшырауда жоғары көрсеткішке ие ел деп атап: «Иран осы салада мақтанышқа толы рекорд жасады» деді.

Али Шамхани Теһранда Американың бұрынғы елшілігі – «тыңшылық ұясының» алдында 13 абан күнгі шерушілердің ортасында сөйлеген сөзінде 1979 жылдың абан айының он үшінің Американың әшкере түрде Иран халқына дұшпандық білдіріп, сұрқия әрекеттерге барған алғашқы күн болмағанын, олардың дұшпандықтарының әлі жалғасып жатқанын айтып: «Америка Иранға қарсы қастандықтар мен елдің ішкі істеріне араласушылықтан бас тартпайды. Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаттары бүгін Иран халқын көшелерге шығарды. Иран халқының Америкадағы демократтан бастап республикашыл басшыларына қарсы табандылығы исламдық және ирандық болмысты сақтауды мақсат етеді. Ғарыштық, ядролық және зымырандық салалардағы Иранның ғылыми жетістіктерімен қарсыласу, жүйені құлату шеңберіндегі әрекеттері мен әскери бағдарламаға қарсылық, ИИР-на қарсы саяси кеңістік тудырып, теріс жарнама жасау, шиеленіс тудыруға күш салу, көршілес елдерді арандату арқылы мазасыздық тудыру, ислам революциясының бейнесін бұрмалап көрсету – Американың ИИР-на қарсы қастандықтарының қысқаша тізімі» деді.