Ғасеми: АҚШ-тың Иранға қарсы айыптаулары – арсыздықпен жалған құжат жасаудың айқын көрінісі
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы «әл-Қаиданың Иранмен қатысы бар» деген құжаттың жариялануына реакция білдіріп: "Вашингтонның Иранға қарсы жаңа айыптары мен уәждері АҚШ Президентінің арсыз сөздерін жалған құжаттармен дәлелдеу мақсатының айқын көрінісі.
АҚШ-тың ресми басшылары осы уақытқа дейін уәжге толы құжаттарға қатысты пікір білдірмегенімен, бұл мемлекеттің үкіметі мен барлау ұйымдары өздерінің саяси және стратегиялық мақсаттарына жету үшін мұндай құжаттар дайындап, әлемдік қоғамдық пікірді, тіпті АҚШ халқын алдау бойынша тәжірибеге ие. АҚШ-тың барлау ұйымдарының пайдасыз үгіт-насихат толқынын көтеруінің мақсаты Таяу Шығыс аймағындағы бұл елдің көптеген ішкі және аймақтық дағдарыстарға шырмалған кейбір одақтастарын құтқару болып табылады. Халықаралық қоғамның адал ұждандары олардың өткен жиырма жылда лаңкестік топтар құрып, солардың наным-сенімдерін тәрбиелегендігіне шәк келтірмейді. АҚШ-тың қазіргі басшылары Америка халқын 11-ші қыркүйек оқиғасына бұл мемлекеттің кейбір одақтастарының қатысты болуы және соның салдарынан шамамен 3000 адамның өлгені туралы айтып алдады",- деді.