Ішкі істер министрі: Зілзаладан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін барлық күш жұмылдырылды
(last modified Mon, 13 Nov 2017 09:07:19 GMT )
Қар 13, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Ішкі істер министрі: Зілзаладан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін барлық күш жұмылдырылды

Иранның Ішкі істер министрі ИИР президенті Хасан Руханидің Иранның батысында жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы қиындықтарды шешу мақсатында барлық ұйымдар мен органдардың күштерін жұмылдыру қажеттігін баса айтқанына тоқталып, жер сілкінісінен жапа шеккендерге көмек көрсету үшін барлық ұйымдар мен органдардың жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Иранның Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли жер сілкінісі болған кейбір  аймақтарда электр қуатының өшкенін, қазір солардың 70 пайызының қайта іске косылғанын айтып: "ИИР Әскері, Ислам революциясының Сақшылар корпусы, халықтық ерікті күштері, Қызыл жарты ай ұйымы, Денсаулық сақтау және  Энергетика министрліктері толық әзірлікпен зілзала орын алған аймақта көмек көрсету шараларын атқаруда",- деді.

Рахмани Фазли жер сілкінісі болған аймақтарға жәрдем күштері мен қажет көмектің жіберілгеніне сілтеме жасап: "Жер сілкінісінен жарақат алғандардың санының өте жоғары болуына байланысты аймақта далалық госпитальдар құруға шешім қабылданды",- деді.

Сондай-ақ Иранның Денсаулық сақтау министрі Хасан Ғазизаде Һашемидің бұйрығымен Иранның барлық медициналық университеттері тез арада Керманшаһ облысының жер сілкінісі болған аймақтарындағы емдеу орталықтарына медициналық қызметкерлер, медициналық құрал-жабдықтар, жедел жәрдем көліктерін жіберуге және қажет көлемде қанмен қамтамасыз етуге міндеттелді.

Керманшаһ облысында жер сілкінісі салдарынан 207 адамның қаза болуына байланысты осы облыстың әкімі Һушанг Базванд облыста үш күнді жалпы аза күндері деп жариялады.