Рухани: Үкімет бар мүмкіндігімен зілзаладан зардап шеккендерге көмектеседі
(last modified Mon, 13 Nov 2017 15:08:13 GMT )
Қар 13, 2017 21:08 Asia/Almaty
  • Рухани: Үкімет бар мүмкіндігімен зілзаладан зардап шеккендерге көмектеседі

ИИР-ның президенті елдің батыс облыстарында зілзаладан зардап шеккендерге жанашырлық танытып, құрбан болғандардың жақындарына көңіл айтып, үкіметтің бар мүмкіндігімен зілзаладан зардап шеккендердің қастарында болатынын қуаттады.

Кеше жексенбі күні Иранның батыс облысының әртүрлі аудандарында Рихтер бағамы бойынша 7,3 балдық жер сілкінісі болды. Иранның дағдарысты басқару ұйымы соңғы статистикасында қайтыс болғандардың санын 345 адам, жараланғандардың санын 5500 адамнан астам деп жариялады.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани дүйсенбі күнгі жолдауында: «Иранның батыс облыстары мен көршілес облыстарының басқарушы және көмек көрсету ұйымдары бар күштерімен серіктестік жасап, зардап шеккендерге қолда бар барлық мүмкіндікті жасап, жәрдем көрсетіп, ыңғайлы тұрақ пен қажеттіліктерін қамтамасыз етсін» деді.

Иранның Сот билігінің басшысы аятолла Садеқ Амоли Лариджани да елдің батысында болған жер сілкінісінде көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендер мен жараланғандарға тез арада тиісті көмек көрсету қажеттігін қуаттады.

Діни жетекшінің Эксперттер мәжілісінің төрағасы аятолла Ахмад Джаннати да зілзалада қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендер мен жараланғандарға денсаулық пен амандық тілеп, басшылардан үйінділердің астында қалған адамдарды құтқару үшін тиісті шараларды атқаруды сұрады.  

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани да жолдауында жексенбі күні түнде болған жер сілкінісі салдарынан жан тапсырғандардың отбасылары мен жақындарына  көңіл айтып, Иранның басшылары мен жәрдем беру және құтқару саласының қызметкерлерінен жылдам және бар күштерімен зардап шеккендер мен үйінділердің астында қалған адамдар мен жараланғандарға көмек көрсетуге асығуды  сұрады.